Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілін қабылдады

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 13 қыркүйегі – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен Қазақстанға танысу сапары шеңберінде кездесті.

Тараптар ЕҚЫҰ-ның ағымдағы күн тәртібінің өзекті мәселелерін және Қазақстан Республикасының адами өлшем саласындағы ұйымның негізгі институттарының бірімен өзара іс-қимылын талқылады. 2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған "Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында" Астана декларациясының қағидалары мен мазмұнын өмірге енгізу қажеттілігі атап өтілді, онда азаматтық қоғам мен еркін БАҚ-тың маңызды рөлі белгіленді.

Осы тұрғыда, ҚР СІМ басшысы ЕҚЫҰ-ның өкілін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде бастамашылық еткен реформалардың іске асырылу барысы туралы, атап айтқанда, Қазақстанда жала жабуды қылмыстық сипаттан арылту және алауыздықты тудыру туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабын ізгілендіру туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, ЕҚЫҰ институтының басшысы ортақ сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру мақсатында әрекеттестікті нығайту үшін елеулі күш-жігер жұмсау ниетін атап өтіп, Қазақстанның төрағалық ету тәжірибесін және ұйым алдында тұрған мақсаттарды шешу кезінде әлі де маңызды негіз болып табылатын ЕҚЫҰ Астана саммитінің нәтижелерін атап өтті.