Елшілік Мысырда білім алып жатқан қазақ жастарына арнап ауызашар өткізді

Елшілік Мысырда білім алып жатқан қазақ жастарына арнап ауызашар өткізді

Қасиетті Ораза айының аясында Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі Мысырда білім алып жатқан қазақ жастарына арналған ауызашар өткізді.

Аталған шара барысында Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс жастарға Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси үдеріс, ауқымды конституциялық реформалар мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге бағытталған жаңашылдықтар туралы айтты.

А.Жеңіс жастарды 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өтетін жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды.

Іс-шара Каирдегі Сұлтан Аз-Заһер Бейбарыс мешітінде өтті.