
Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты, сондай-ақ Израиль мемлекетінің Мысырмен шекаралас екенін ескере отырып, жағдай одан әрі шиеленіскен жағдайда Қазақстан азаматтарымен жедел байланыс орнату мақсатында
Елшіліктің шұғыл байланыс және жедел желі нөмірлерін іске қосты:
+20 225 378435 (Елшіліктің кезекші қызметкері);
+20 106 280 8395 (ұялы телефон, WhatsApp);
+20 101 692 1404 (ұялы телефон, WhatsApp);
Елшіліктің мекенжайы: Каир қаласы, Нью-Кайро, 5-аудан, Аммар бен Ясер көшесі, 371-вилла (New Cairo, 5th Settlement, Street Ammar Ben Yaser, villa 371). Электрондық пошта: cairo@mfa.kz, qazconsulcairo@gmail.com.