Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Eкіжақты қарым-қатынастар

ҚАЗАҚСТАН-МЫСЫР ҚАТЫНАСТАРЫ

 

Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 6 наурызда орнатылды.

Қазақстанның Каирдегі Елшілігі 1993 жылы сәуірде ашылды. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлы Қазақстан Республикасының Мысырдағы Елшісі болып табылады.

Мысырдың Қазақстандағы Елшілігі 1992 жылдың тамызынан бастап қызмет етеді. Қазақстандағы Елші - Ибтисам Ракха Хассан ханым 2023 жылдың желтоқсанынан бастап.

Саяси қатынас

Жоғары деңгейдегі байланыс

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Мысырға үш рет ресми сапармен барды. Бірінші сапар 1993 жылдың ақпанында болды. Сапар қорытындысы бойынша 6 құжатқа қол қойылды: Қазақстан Республикасы мен Мысыр арасындағы қатынастар мен ынтымақтастық негізінде, сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, ақпараттық ынтымақтастық туралы, Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар туралы хаттама, ҚМДБ мен Мысырдың Дін істері министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама.

Қазақстан Республикасы Президентінің Мысырға екінші ресми сапары 2007 жылғы 11-14 наурызда өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің бірінші отырысының ашылуына қатысты. Тараптар терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды; Сауда келісімі; Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Араб мемлекеттері лигасы арасындағы, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы мен МАР Сауда палаталары одағы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдар.

Екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең Н.Ә.Назарбаевтың Шарм-әль-Шейхте өткен Таяу Шығыс жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін 2008 жылғы мамырдағы үшінші сапары болды. Екі елдің басшылары ауыл шаруашылығы, металлургия, химия, мұнай, фармацевтика және басқа салалардағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Х.Мүбәрак Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа Мысырдың жоғары наградасы - Ұлы Ніл орденін табыс етті.

МАР Президенті Х. Мүбарак алғаш рет 2006 жылы қарашада Қазақстанға ресми сапармен келді. Мемлекет басшылары екіжақты қатынастардың бірқатар мәселелерін талқылады, тараптардың өзекті халықаралық проблемаларға қатысты ұстанымдарын салыстырды. Өркениеттер диалогын дамыту және АӨСШК үрдісі шеңберінде өзара әрекеттесу перспективаларын талқылады.

2015 жылғы 5 мамырда Мысыр тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдель Фаттах ас-Сиси арасында телефон сөйлесуі өтті, сұхбат  барысында Мысыр Президенті біздің Мемлекет басшысын кезектен тыс сайлауларында Қазақстан Президенті қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

2015 жылы 9 мамырда Мәскеуде фашизмді жеңудің 70 жылдығын мерекелеу аясында екі ел басшыларының алғашқы кездесуі өтті.

2016 жылдың 26-28 ақпанында Мысыр Президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси Қазақстанға ресми сапармен келді, бұл екіжақты қатынастар тарихындағы жаңа кезеңді белгіледі. Сапар қорытындысы бойынша екі ел Президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады. Мысыр тарапы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы келісімге, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Жарғысына қол қойды. Сондай-ақ, тараптар екі елдің Іскерлік кеңестері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, KAZNEX INVEST АҚ мен Medical Union Pharmaceuticals компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

2018 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Мысыр Президенті Абдель Фаттах ас-Сисиге Мемлекет басшысы лауазымына қайта сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

МАР Президенті А.Ф. Ас-Сиси Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевқа Мемлекет басшысы лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдап, оны Мысырға ресми сапармен келуге шақырды.

Екі елдің сыртқы істер ведомстволары арасындағы өзара іс-қимыл жоғарғы сыртқы істер министрлері деңгейіндегі тұрақты байланыстарымен сипатталады. Екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасында дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бері жеті кезеңдегі саяси консультациялар өтті. Соңғысы 2021 жылы 13 қыркүйекте Астанада онлайн түрінде өтті. 

Мысырдың Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдауы.

Каир Қазақстан Республикасы Президентінің АӨСШК шақыру туралы бастамасын қолдайды. Конференцияның бірінші саммитіне Мысыр Араб Республикасы Президентінің арнайы өкілі, Вакуфтар министрі М.Закзук қатысты. 2006 жылдан бастап Мысырдың өкілдері арнайы жұмыс тобы мен АӨСШК аға лауазымды комитетінің отырыстарына үнемі қатысады.

2020 ж. 24 қыркүйекте өткен АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің бейнеконференциясы барысында АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры лауазымына Қ.Сарыбайдың кандидатурасын МАР Сыртқы істер министрінің орынбасары И.Фаузи өз елі атынан қолдады.

Каир Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесін ашық қолдайды және Мысыр келіссөздер үдерісіне қатысуға дайындығын білдіріп отыр. 2017 жылдың 5 мамырындағы Мысырдың Сыртқы істер министрлігінің арнайы мәлімдемесінде Мысыр билігі Сирияда деэскалация аймақтарын құру туралы Астанада қол жеткізілген келісімді құптайтыны туралы делінген.

2018 жылғы 5 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясының 45-ші жалпы отырысы барысында Мысыр Қазақстанның бастамасымен «Ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу туралы жалпыға бірдей декларация» туралы қарарға дауыс берді.

МАР Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Халед Абдель Гаффар 2017 жылы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өткен Ғылым және технологиялар бойынша ИЫҰ-ның Бірінші Саммитінің жұмысына қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілі - Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Камалдиновтың 2017 жылғы 9-10 тамызда Каирге жұмыс сапары аясында МАР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ясир Мурадпен екіжақты келіссөздері өтті. Тараптар Астана мен Каирдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, АӨСШК және ИЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл тәсілдерін, сондай-ақ Мысырдың ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар бойынша бірінші саммитіне қатысу мәселелерін талқылады. Арнайы өкіл сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауының 25 жылдығына орай Елшілік ұйымдастырған «дөңгелек үстелге» қатысты.

2018 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов еркін әлемге жету үшін әдеп кодексін таныстыру бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысына қатысқан Сыртқы істер министрі С.Шукримен кездесті. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен және Мысыр атынан терроризм бойынша бірінші халықаралық антитеррорлық құжатқа қол қойды.

Парламентаралық байланыстар сақталуда. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан-Мысыр» достық тобы жұмыс істейді. 2008 жылы Парламент Мәжілісінің Төрағасы А.Мусин Парламент одағының (ПО) 5-ші конференциясына және ИЫҰ ПО Кеңесінің 10 сессиясына қатысу үшін Мысырға барды.

2015 жылдың соңында құрылған жаңа Өкілдер палатасы алғашқы отырысын 2016 жылдың 10 қаңтарында өткізді. 2019 жылдың сәуірінде МАР парламентінде Қазақстан-Мысыр достық тобы құрылды.

2020 жылы парламентаралық өзара іс-қимыл одан әрі жанданды. Қазақстан Парламенті Сенат Бюросының  2020 жылғы 2 қарашадағы №454-VI БС Қаулысымен Қазақстан мен Мысыр жоғарғы палаталарының арасында Парламентаралық достық тобы құрылып, оның құрамына Қазақстан тарапы атынан Сенат Парламенті Төрағасының орынбасары Н.Әбдіровтің бастаған 11 депутаттар енді.

Екі жақтық саяси диалогының және жанжақты ынтымақтастығының нағаюына ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Мысыр Жоғарғы Конституциялық сотының төрағасы Саид Марей мен оның оранбасары Омар Әбдел Шеріфтің «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтолы медалімен марапаттауы елеулі импульсі болып табылды.

Екі жақтық ынтымақтастық жағдайының көрнекті факті болып табылған  Мысыр парламенті сенатының төрағасы Әбдел Уахаб Әбдел Разықтың, Әділет министрі Омар Маруанның, Ақпарат министрі Усама Хейкалдың,  Мемлекеттік кеңесінің Төрағасы Мұхаммед Хоссам әд-Діннің, сондай-ақ басқа да көрнекті саяси қайраткерлердің, Мысырдағы аккредиттелген шетелдік елшілер мен бұқаралық ақпарат өкілдерінің аталған шараға қатысуы болды.

Мемлекеттік наградалардың иегерлері ерекше назар аудару белгісіне шын ілтипаттары мен алғысын білдіріп, «бұл оқиға Қазақстанмен өзара қарым-қатынастарды дамыту және одан әрі тереңдету бағытындағы Мысыр тарапының күш-жігерінің бағалауы ретінде қабылдауға болады", деп ерекше атап өтті.

Конституциялық сот төрағасы С.Марей осы шара ерекше мерекенің  – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтіп жақтанын ескеріп, осы орайда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның құқықтық негіздерін бекемдеу бағытандығы ерекше ролін атап өтті. «Келесі жылы өз Тәуелсіздігінің 30-жылдығы атап өтілмек тұрақты және табысты елде өмір сүру мүмкіндігіне қазақстандықтар Елбасын жоғары бағалайды» деп баяндады.

2020 жылғы 15 қарашада Елші Қ.Қ. Лама Шариф Мысыр Парламенті Сенатының Төрағасы лауазымына сайлауына және күшіне енуі байланысты Әбдел Уахаб Әбдел Разықты құттықтай отырып, оның атына келіп түскен ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С.Әшімбаевтың арнайы құттықтау жолдауын оқып берді.

Өз жауабында МАР-дың Парламенті Сенатының Төрағасы "Мысыр шын жүректен Қазақстанмен достығын қастерлейді және саясат, экономика, ғылым, мәдениет салаларындағы қол жеткізілген жалпы жетістіктерімен мақтаныш етеді.  Халықаралық аренада қол жеткізілген жоғары деңгейдегі өзара іс-қимылды бағалаймыз», деп ерекше атап өтті.

Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) бес отырысы өтті: Каирде (1995 ж. мамыры, 2003 ж. желтоқсаны, 2017 ж. мамыры), Астанада (2001 ж. маусымы, 2007 ж. ақпаны). Қазақстандық тараптың ҮАК тең төрағасы Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, Мысыр тарапынан - Халықаралық ынтымақтастық министрі Р.Машат болып табылады.

2017 жылдың 8-9 наурызында ҮАК бесінші отырысы өтті, оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланып, келесі құжаттарға қол қойылды:

- Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Мысырдың Вакуф бойынша министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

- ҚР Ұлттық кітапханасы мен МАР Ұлттық кітапханасы және архивтері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

- «Қазақстан Қарыш ​​Сапары» ұлттық компаниясы »АҚ мен МАР қашықтықтан зондтау және ғарышты зерттеу жөніндегі ұлттық дирекциясы арасындағы ниет-хат.

ҮАК-нің келесі алтыншы отырысы 2021 жылдың бірінші жартысында өтеді деп күтілуде.

Сот саласындағы ынтымақтастық.

2019 жылғы 18-22 қазанда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Мәми Каирге Мысырдың конституциялық және сот жүйесінің 50 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысу үшін барды. Оны Мысырдың Президенті А.Ф. Ас-Сиси қабылдады. Халықаралық дөңгелек үстелдің ашылу салтанаты Конституциялық Сотта өтті, онда Қ.Мәми сөз сөйледі.

Мысыр Қазақстанның конфессияаралық диалогты дамыту жөніндегі бастамасын толық қолдайды. 2003, 2006, 2009, 2018 жылдары өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі «әл-Азхар» шейхтері, жоғарғы имамдар М.Тантауи, А.Ат-Тайеб пен Вакуф министрі Х.Закзуктың белсенді қатысып, осы форумның сәтті өтуіне үлкен үлес қосты. Съез хатшылығының отырыстарына үнемі қатысып отырған әл-Азхар мен Вакуф істері бойынша министрлігінің өкілдері күн тәртібін әзірлеуге және форумның қорытынды құжаттарын дайындауға маңызды үлес қосуда. 5-ші съезге МАР Бас мүфтиі Ш.Аалям қатысты.

Мысыр сонымен бірге 2016 жылғы ақпанда қол қойған Қазақстан Республикасы Президентінің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру туралы бастамасын қолдап, 2018 жылдың маусым айында осы қауымдастықтың Жарғысын бекітті.

Ғарыш саласындағы ынтымақтастықты орнату мақсатында 2018 жылғы 23-26 мамыр аралығында Астана қаласында МАР Қашықтықтан зондтау және ғарыштық ғылымдар ұлттық дирекциясының ресми делегациясы «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аясында ұйымдастырылған «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумына қатысты.

2019 жылдың сәуірінде Мысырдың ғарыштық қашықтықтан зондтау жөніндегі бас дирекциясы Қазақстан Республикасының заңына негізделген «Ғарыш туралы» заң жобасын әзірледі және ел басшылығына ұсынды.

2019 жылдың 12-13 қарашасында Нұр-Сұлтанда Мысыр ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары М.Халил Ираки «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр - әлемдік космонавтика бесігі - 2019» Халықаралық форумына қатысты.

2020 жылдың қарашасында Мысыр ғарыш агенттігінің (МҒА) және Қазақстан Республикасының ЦДИАӨМ-нің қатысуымен бейнеконференция өтті, онда МҒА мен ЦДИАӨМ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасау, жергілікті мамандардың қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттарын құру бойынша арнайы курстардан өту және Мысырдың «Гагарин Старт» үшжақты жобасындағы бақылаушы ретінде қатысуы туралы мәселелер талқыланды.

Қазақстан мен Мысыр арасында әскери-техникалық ынтымақтастық орнату мақсатында 2016 жылдың 22-26 ақпан аралығында Мысыр Араб Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында елдердің қорғаныс ведомстволары арасында байланыс орнатылды және «Қазақстан инжиниринг» АҚ ұлттық компаниясының қатысуымен қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі өнімдері көрсетілді.

2018 жылғы 18-19 наурызда вице-министр А.Қ.Құрманғалиев бастаған Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы Каирге жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында қазақстандық делегация Мысырдың қорғаныс және әскери өнеркәсіп министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың жолдарын талқылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының делегациясы Мысыр Араб Республикасының Қорғаныс және әскери өнеркәсіп министрлігі жанындағы ғылыми-технологиялық орталықта қару-жарақты модернизациялау тәжірибесімен танысу мақсатында болды.

2018 жылғы 2-5 желтоқсан аралығында «Қазақстан инжиниринг» ҰК Басқарма Төрағасы Н.Қ. Әбдібеков бастаған қазақстандық делегация Мысырдың «EDEX-2018» қару-жарақ көрмесіне қатысты.

Екі елдің мәдени саласындағы қарым-қатынастарында қазақ жерінде дүниеге келген, XIII ғасырда Мысыр мен Сирияны билеген атақты Сұлтан Заһер Бейбарыстың тарихи мұраларына қатысты тақырып ерекше орын алады. Каир қаласында Сұлтан Заһер Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жұмыстары 2023 жылы аяқталып, ресми қайта ашылды.

2012 және 2016 жылдар аралығында ұлттық творчестволық және басқа да, соның ішінде Елшілікпен ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу үшін Астана қалалық филармониясы мен К.Байсейтова атындағы Опера және балет театрының, Атырау облысының «Ақжелен» және «Мұрагер» фольклорлық ансамбльдері, Алматы облыстық Сүйінбай атындағы «Сүйінбай сазы» ұлттық творчестволық ансамблінің, «Белес» этно – фольклорлық тобының артистері Мысырға келіп кетті, Каир және Александрия опера театрларында Айман Мұсақожаеваның басшылығымен «Kazakh Eli Classic» атты халықтық және симфониялық музыканың Қазақ ұлттық өнер университетінің концерттері өтті.

2016 ж. қазанда Каир қаласында қазақтың ұлы ақын-жазушысы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының ескерткішінің салтанатты ашылуы болып өтті. Бюст Каирдің ең әдемі – «Бостандық және достық» - атты орталық саябақтарының бірінде орнатылды.

2018 ж. 20-28 қараша аралығында Каир Халықаралық кинофестивалінің 40 жылдығына арналған конкурстық бағдарламасына қазақстандық «Әлемнің жылы немқұрайлығы» және «Өзен» картиналары қатысты. Сонымен қатар, конкурстан тыс бөлімінде посткеңестік республикалардың тарихында алғаш рет «Үздік актриса» номинациясында бірінші жүлдеге ие болған Самал Еслямованың қатысуымен қазақстандық және ресейлік режиссер Сергей Дворцовойдың «Айка» фильмі көрсетілді. С.Еслямова Каир кинофестивалінің жюри алқасына кірді.

2019 ж. қараша айында Каирде Мысырдың Мәдениет істері жөніндегі Жоғарғы Кеңесінің штаб-пәтерінде заманауи қазақ поэзиясы мен прозасының араб тіліндегі антологиясының тұсаукесері өтті. Қазақ прозасы мен поэзиясының антологиялары 500 миллион адам оқитын Араб мемлекеттері лигасының мүшесі болып табылатын 22 елдің 5 мыңнан астам кітапханаларына, университеттері мен ғылыми орталықтарына жеткізілді.

2019 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың отырыстарында аталған шараларды дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарлар бекітілді.

2020 жыл ел ішінде де, шетелде де, сонымен бірге Мысырда, қазақ халқының асыл тұлғалары Абай Құнанбаев пен Әбу Насыр әл-Фарабидің  шығармаларының тарихи маңыздылығын дәріптеу және мәңгі ету шараларымен танымал болды.

Қазіргі таңда, Мысырдың жоғары оқу орындарында 100-ден астам қазақстандық студенттер оқиды.

Қазақстан мен Мысыр арасындағы келісім-шарт базасында 50 келісім мен меморандумдарға қол қойылған.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы, Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы және Тунис Республикасындағы Елшілігі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары