
🇰🇿🤝🇰🇷
2026 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Корея Республикасы Әділет министрлігінің Пусан иммиграциялық кеңсесі ұйымдастырған шетелдік дипломатиялық өкілдіктер басшыларының кеңесіне қатысты.
Негізгі қорытындылар:
📊 Статистика: консулдық округте 1 903 Қазақстан азаматы ресми тіркелген, оның ішінде 202 студент бар.
✈️ Көлік үйлестіру: Алматыдан келетін авиарейстерді жедел үйлестіру үшін Кимхэ әуежайының миграциялық бөлімімен «жедел желі» құру бастамасы көтерілді.
Бас консулдық корейлік серіктестерге сындарлы диалог пен біздің бастамаларымызға көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысын білдіреді. Иммиграциялық биліктің ашықтығын жоғары бағалаймыз және түбек оңтүстігіндегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі мен жайлылығы жолындағы ынтымақтастығымыз нығая береді деп сенеміз.