
Пусан мен Қазақстан арасындағы байланыс нығаюда.
Пусан қ., 2026 жылғы 10 ақпан - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар Пусан әкімдігі мен Пусан жаһандық қала қоры (BGCF) ұйымдастырған «Пусан қалалық дипломатия желісі 2026» форумына қатысты.
Шараның негізгі түйіндері:
- Пусан мен Алматы бауырлас қалалар ретінде жаңа экономикалық жағдайда ынтымақтастықты тереңдете түспек.
- Жаңа RISE стратегиясы білім, ғылым және бизнесті интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
- 2026 жылдың тамыз айында бизнес-консультациялар өткізу және университеттер арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Еуразиялық дипломатиялық корпус» делегациясының Алматыға сапары жоспарлануда.
Өңіраралық ынтымақтастықтың болашағы берік сенім мен инновацияларға негізделеді.