Пусанда «Аймақтық виза» бастамасын ілгерілетуге арналған G-Busan Round Table for Leaders халықаралық іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Корея Республикасының Әділет министрлігі, Көші-қон қызметі, Пусан қаласының әкімшілігі, дипломатиялық корпус пен академиялық орта өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы да аймақтық визалар, мигранттарды қоғамға интеграциялау, бейімдеу бағдарламалары және жергілікті билік органдарының рөлі бойынша негізгі мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
Бас консулдық бұл бастаманы қолдайтынын білдіріп, Кореядағы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығын атап өтті.