Секешфехервар, 2025 жылғы 17 сәуір – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту жөніндегі «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шаралар жоспарының аясында Секешфехервар қаласының Кеңес жауынгерлерінің орталық зиратында жерленген Талдықорған облысының тумасы Сейтәлі Бірімқұлов қатардағы жауынгерді оның туысқандары және Елшілік өкілі еске алып, тағзым етті.
1906 жылы туған С.Бірімқұлов 1942 жылы Талдықорған облысы Октябрь адуыны Басшы ауылынан әскерге шақырылды.
Жақын туысы Берік Әбиловтың айтуынша «Атамыз соғыста іс-түзсіз кетті деген мәліметке қарамастан іздестіру шараларды тоқтатпадық. Оның жерлеген жерін Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі арқылы тауып, Секешфехервар қаласына туған ауылының жерін алып келіп, дұға қылдық. Атамыз зиратының басына келіп, тағзым ету парызымыз! С.Бірімқұлов атамыз – Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне дейін бір жарым айға жетпей 1945 жылғы 21 наурызда көз жұмды. Отан соғысында от кешкен қаһарман қазақ жауынгерлеріміздің барша ұрпағы, өшпес рухтарына тағзым етіп, оларды мәңгілік есте сақтау тиіс».
Айта кетері, 1944-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде Мажарстан аумағында екі ірі кешенді Балатон операциясы мен Будапештті азат ету шайқас болды.
Жалпы Мажарстандағы ұзақ қанды шайқастарда Кеңес Армиясы айтарлықтай шығынға ұшырады. Мажарстанды азат етілуі 195 күн мен түнге созылып, 140 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Мажарстанның аумағында нақтыланған мәліметтер бойынша: 826 кеңестік әскери қабір, 10 ескерткіш, 3 ескерткіш орын және 3 мемориалдық тақта орнатылатын орын - барлығы 842 нысан бар.