Будапешт, 2025 жылғы 1 сәуір – ҚР Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы «HungExpo Budapest» Бас директоры Габор Ганчермен кездесті. Кездесуге «HungExpo Budapest» бизнесті дамыту жөніндегі директоры Клара Тихани де қатысты.
Сұхбаттасу барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Осы тұрғыда көрмелерді өткізу және оларға қатысу, оларды көрмеден кейін пайдалану тәжірибесімен алмасу мақсатында «QazExpoCongress» қазақ көрме кешенімен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Бұған қоса, екі елдің экономикалық жетістіктері мен мәдени құндылықтарын көрсету үшін «HungExpo Budapest» көрмесіне түрлі салалардағы қазақ компаниялардың қатысуы талқыланды.
Анықтама: «Hungexpo Budapest» компаниясы 1921 жылы құрылған Мажарстандағы көрмелер мен конференциялардың жетекші ұйымдастырушысы болып табылады. Көрме орталығының аумағы 36 гектар жерде орналасқан және 3 конференц-зал, конгресс-орталық және 7 көрме павильондарын қамтиды. 2021 жылы аяқталған жандандыру бағдарламасы «HungExpo» павильондарын жөндеуге және жаңа көрме павильондары мен конгресс-орталық салуға әкелді.