Будапешт, 2025 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстанның Веспрем, Ваш және Фейер облыстарын қамтитын Веспрем қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулдығының ресми ашылуына қатысты.
Салтанатты рәсімге Веспрем қаласы мен Веспрем, Ваш және Фейер облыстарының іскерлік, қоғамдық топтары мен сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Елші Абзал Сапарбекұлы Мажарстан – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық әріптесі және бүгінгі берік саяси ынтымақтастық пен тығыз экономикалық байланыс – соның айқын дәлелі екенін баса айтты.
Сонымен қатар, Қазақстан дипломаты қазақ-мажар ортақ тарихи бауырлас түбінің ерекшелігін ескере отырып, Құрметті консулдықтың алдында Қазақстан азаматтарының мүдделерін қорғау, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, Веспрем, Ваш және Фейер обаластарында Елшіліктің консулдық қызметтеріне қолғабыс көрсету мәселелері маңызды екенін атап өтті.
Өз кезегінде Веспрем, Ваш және Фейер обаластарын қамтитын құрметті консулдық округының басына тағайындалған Габор Шаги, Құрметті консул қызметін атқаруға білдірген сенім үшін алғысын білдіріп, Мажарстан мен Қазақстан арасындағы байланыстар мен өңірлік аралық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге, сондай-ақ облыстық институттарымен өзара әрекеттесумен жаңа мазмұнды толтыруға және жан-жақты дамуына бағытталған барынша зор үлесін қосуға дайын екенін жеткізді.
Құрметті консулдық ашылу салтанатында қонақтардың назарына қазақ мәдениеті бұрышы мен Қазақстан туралы фотокөрме ұсынылып, домбыраның шебер әуені іс-шараның шарықтау шегіне айналды.
Айта кетер, Габор Шаги 2011 жылдан бері стратегиялық және корпоративтік консалтинг, жобалық қаржыландырумен айналысатын «Globalia» ЖШС-тің бас директоры.
2022 жылдан бері «Астана» Халықаралық қаржы орталығында тіркелген «Казглобал» ЖШС-тың иесі. «Казглобал» ЖШС Қазақстанға басқа мажар компанияларды тартып, бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.