Будапешт, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстанның «Duna Media Service» коммерциялық емес жабық акционерлік қоғамның бас директоры Анита Алторьяимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы, оның ішінде жаңалықтармен алмасу, ортақ медиа жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты.
Елші Абзал Сапарбекұлы сұхбаттасушыны Қазақстанда Астана халықаралық форумы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі сияқты ірі халықаралық деңгейде өтетін іс-шараларымен таныстырып өтіп, еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, сыртқы саяси және мәдени-ғылыми саласындағы жаңалықтарды мажар қоғамына сапалы жеткізу меселінде тоқталды. Қазақ дипломатының айтуынша осы бағыттағы ынтымақтастықта «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі мен «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының әлеуеті зор.
Өз кезегінде Анита Алторьяи қазіргі таңда Мажарстан Түркі мемлекеттер ұйымының бақылаушы мүше елі ретінде жаңадан құрылған Түркі ақпараттық агенттіктерінің альянсы аясында қазақ БАҚ және телеарна мекемелерімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін хабарлады.
Айта кетері, 2015 жылы бұрынғы «MTV» Мажар телеарнасы, «MR» Мажар радио, «Duna TV», сондай-ақ «MTI» Мажар телеграф агенттінің қосылуымен «Дунай медиа қызметі» құрылды. «Duna Media Service» Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) мүшесі.