Қазақстанның Елшісі ELTE университетінің ректорымен академиялық байланыстарды нығайту мақсатында кездесу өткізді

Қазақстанның Елшісі ELTE университетінің ректорымен академиялық байланыстарды нығайту мақсатында кездесу өткізді

Будапешт, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Этвёш Лоранд атындағы университеттің (ELTE) ректоры, Мажарстан ректорлар конференциясының президенті профессор, доктор Ласло Борхимен кездесті.

1635 жылы негізі қаланған ELTE — Мажарстандағы ең көне және ең беделді университеттердің бірі, ол гуманитарлық ғылымдар, құқық және ғылыми зерттеулер салаларындағы ұзақ жылғы академиялық дәстүрлерімен танымал. Кездесу барысында ректор Борхи университеттің тарихи мұрасы, академиялық құрылымы, факультеттері мен ғылыми-зерттеу институттары жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ ол ELTE мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады.

Мажарстан ректорлар конференциясының президенті ретінде профессор Борхи екі ел университеттері арасындағы институционалдық әріптестікті дамыту мақсатында Мажарстан–Қазақстан ректорларының форумын өткізу бастамасын қолдап, бұл бағытта жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Елші Сапарбекұлы Мажарстан мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, ELTE университетінің қазақстандық студенттер мен оқытушыларға көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол қазіргі таңда ELTE-де 90-нан астам қазақстандық студент білім алып жатқанын, бұл қазақ жастарының мажар жоғары білім жүйесіне деген қызығушылығының артқанын көрсететінін айтты.

Сондай-ақ Елші ELTE-нің Түркітану кафедрасының, қосқан елеулі үлесін атап өтіп, қазақ тілі курстарын кеңейтуге деген Қазақстан тарапынан қызығушылықты жеткізді. Тараптар қазақ тілі курстарын ашу, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер, академиялық жарияланымдар мен Қазақстан тақырыбындағы ғылыми және мәдени іс-шараларды ELTE базасында өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін білдіріп, Қазақстан мен Мажарстаның академиялық қауымдастықтары арасындағы өзара байланыстардың артықшылықтарын атап өтті.