Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

Абзал Сапарбекұлы – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі

1975 жылғы тамызда Жамбыл облысының Қайрат ауылында туған. 1999 жылы Орта-Шығыс техникалық университетін (Түркия) бітірді.

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласындағы «Окан-Интер-Континенталь» қонақ үйінің аудиторы ретінде бастаған.

Өзінің дипломатиялық қызметін 2000 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің Таяу және Орта Шығыс, Мағриб және Африка бөлімінің референті лауазымда бастады.

2003-2008 жылдар аралығында Түркиядағы ҚР Елшілігінде атташе, үшінші және екінші хатшысы лауазымдарында қызмет етті.

2008 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Халықаралық ынтымақтастық және протокол департаментінің директоры болып тағайындалды.

2008-2011 жылдары Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі ретінде қызметін атқарды.

2011-2017 жылдары Ыстанбұл қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Хатшылығының директоры, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Бас хатшысының орынбасары болған.

2017-2022 жылдары Қазақстанның Түркиядағы Елшісі және Албаниядағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы болған.

2022-2024 жылдары «Отандастар» қорын басқарды.

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2024 жылғы мамыр айынан бастап ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Түрік және ағылшын тілін меңгерген.