Будапештте Транскаспий халықаралық көлік бағыты және көлік саласындағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды

Будапештте Транскаспий халықаралық көлік бағыты және көлік саласындағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды

Будапешт 2024 жылғы 25 сәуір – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Түркі мемлекеттері ұйымының Көлікті үйлестіру комитетінің 2-ші отырысына қатысты.

Елші Ж.Әбдрашов өз сөзінде Көлік және логистика саласындағы жаһандық өзгерістерді ескере отырып, осы іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат қазіргі уақытта күш-жігерді біріктіруді ұлғайту және көлік саласындағы барлық өзекті мәселелерді шешу мақсатында Түркі мемлекеттері ұйымы мүше мемлекеттер арасындағы тығыз және үйлестірілген өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп жатқанына сенім білдірді.

Сондай-ақ, Елші Қазақстанның Еуразия құрлығының орталығындағы географиялық жағдайы Орта дәлізді дамыту контекстінде шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыттарда трансконтинентальдық маршруттарды қалыптастыру кезінде мемлекетіміздің көлік желісін пайдалану үшін қолайлы жағдай туғызатынын ерекше атап өтті.

Ж.Әбдрашов ТМҰ-ға қатысушы елдердің өкілдерін 2023 жылғы 3 қарашада Астанада қабылданған түркі мемлекеттері Ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік қатынасы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарының («жол картасы») тармақтарының орындалуымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Өз сөзінің соңында Ж.Әбдрашов Самарқанд саммитінде цифрлық көлік жүйесін құру туралы айтылған ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасының маңыздылығын атап өтті.

Осыған байланысты қазақстандық дипломат кездесуге қатысушыларды Бірыңғай цифрлық көлік жүйесін тиімді құру мақсатында мультимодальділік тұрғысынан платформаларды біріктіру мүмкіндігіндегі Қазақстанның көшбасшылығы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.