«Дәстүрлі қоржын» жобасын

«Дәстүрлі қоржын» жобасын

«Отандастар қоры» КеАҚ (бұдан әрі Қоғам) - Шетелдегі қазақ - мәдени орталықтарын ұлттық киіммен, ұлттық музыкалық аспаптармен және қолданбалы өнермен қамтамасыз ететін «Дәстүрлі қоржын» жобасына өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды.

Қоржында қазақы құндылықтарымызды дәріптеп, ұлтқа қызмет етіп жүрген шеттегі қазақ-мәдени ұйымдарға арналған  ұлттық аспаптар, сапасына сәні жарасқан ұлттық нақыштағы киімдер, кітап және басқа да бұйымдар бар.

  • Өтінім білдірушіге қойылатын басты талаптар:
  • Шетелдегі қазақ мәдени орталықтары және қазақ диаспорасымен байланысты ұйымдар ( ресми тіркелген ұйымдар) өтінім білдіре алады;
  • «Отандастар» Қоғамының otandastarqory01@gmail.com эл.почтасына арнайы өтініш хат жазу;(өтінімде қазақ мәдени орталығына қажетті базалық материалдық құндылықтарды көрсету. Мысалы: мемлекеттік ту, домбыра, үкілі тақия т.б)

Дедлайн 22 наурызға дейін

Ақпарат ретінде: Қоғам 2023 жылы «Қоржын» жобасын іске асыру барысында 10 елдегі 26 қазақ - мәдени орталыққа 100 дана – ҚР Мемлекеттік туы, 390 дана – ұлттық киімдер және 84 дана – ұлттық саз аспабын табыстады.

https://oq.gov.kz/

https://oq.gov.kz/contact