Мажарстанның ойталқы орталықтары Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын

Мажарстанның ойталқы орталықтары Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын

Будапешт, 2022 жылғы 1 маусым – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның Экономикалық және аймақтық зерттеулер орталығының бас директоры Имре Фертёмен, Мажарстанның Дүниежүзілік экономика институтының директоры Магдолна Шашпен, Мажарстан институтының директорымен және «TÁRKI» әлеуметтік зерттеулер институтының директоры Иштван Тотпен кездесулер өткізді.

Кездесулерде қазақстандық және мажарстандық ойталқы орталықтары арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Ж.Әбдірашов мажар әріптестерін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру жөніндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамалары туралы хабардар етті, сондай-ақ сұхбаттасушылардың назарына 2022 жылғы 5 маусымда өткізілетін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум туралы жеткізді.

Атап айтқанда, елші жалпыға бірдей жұмыспен қамтуды арттыру, әлеуметтік әділеттілік, зейнетақымен қамсыздандыруды жақсарту, сапалы білім беру, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениет сияқты мәселелерді шешу үшін қазіргі Қазақстан үшін әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасының қажеттілігін атап өтті.

Мажарстанның сараптамалық институттарының өкілдері Қазақстандағы демократиялық қайта құруларды жоғары бағалап, еліміз үшін практикалық ұсыныстар әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.