Будапешт, 2022 жылғы 15 ақпан – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдар мұражайы мен «Мадьяр – Тұран» қоры ұйымдастырған «Жылқыларды қолға үйрету - ежелгі жылқыдан ежелгі адамдардың жылқыларына дейін» атты көрмеге қатысты.
Іс-шара жылқылардың трансконтиненталдық тарихына арналған, яғни жылқылардың эволюциясынан бастап, оларды қолға үйрету және тарихты қалыптастырудағы жылқылардың рөлін баяндайды. Сонымен қатар көрмеде мажарлардың ежелгі тарихы мен мәдениетінің айқындаушы элементі болған дала көшпелі өркениеттерінің өмірі көрсетіледі.
Қазақстан даласын ертеде еліміздің қазіргі мәдениетінің қалыптасуына үлес қосқан көптеген тайпалар мекендегенін атап өткен жөн. Кейбір ғалымдар жылқының қолға үйретілуін тарихтағы жарқын із қалдырған Ботай мәдениетімен байланыстырады.