
Будапешт, 2026 жылғы 26 тамыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі А.Бақытбекқызы MVM Group Бас атқарушы директоры Ж.Берталанмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы энергетикалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ жаңа бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Елші Қазақстанның MVM Group-пен өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге, оның ішінде электр энергетикасы, газ саласы, жаңартылатын энергетика, энергетикалық инфрақұрылым және заманауи технологияларды енгізу бағыттарына қызығушылық білдіретінін атап өтті.
Тараптар атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективаларына, оның ішінде тәжірибе алмасуға, кадрлық әлеуетті дамытуға және мажар компанияларының Қазақстандағы тиісті жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Осы бағытта MVM Group-тың атом энергетикасын пайдалану және дамыту саласындағы тәжірибесін ескере отырып, айтарлықтай әлеует бар екені атап өтілді.
Сондай-ақ, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық іске асыру және MVM Group-тың Қазақстандағы перспективалы энергетикалық жобаларға қатысуын кеңейту мәселелері қарастырылып, екі ел компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін растап, энергетика саласындағы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы әріптестігін нығайтуға ықпал ететін жаңа өзара іс-қимыл бағыттарын айқындады.
Анықтама: MVM Group Мажарстанның ең ірі энергетикалық компаниясы және Орталық Еуропадағы жетекші энергетикалық компаниялардың бірі болып табылады. Топ құрамына 140-тан астам еншілес компания кіреді, ол 23 елде қызметін жүзеге асырады және миллиондаған жеке және корпоративтік тұтынушыларды электр энергиясы мен газбен қамтамасыз етеді. MVM Group Мажарстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, атом және жаңартылатын энергетиканы дамытуда, сондай-ақ ірі энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда маңызды рөл атқарады.