Қазақстан мен Мажарстан сүт мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Мажарстан сүт мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Будапешт, 2026 жылғы 17 сәуір – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің және Мал шаруашылығы мен ветеринария ғылыми-өндірістік орталығының өкілдері «QazaqSut» сүт және аралас тұқымды ірі қара мал республикалық палатасымен бірлесіп, Будапешт қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлымен кездесу өткізді.

Ғылыми және білім беру ұйымдарының қатысуы сүт мал шаруашылығын дамыту мәселелерін қарастыруда ғылым, тәжірибе және салалық басқаруды біріктіретін кешенді тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сүт мал шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттар қарастырылды. Атап айтқанда, салаға инвестиция тарту, селекциялық-тұқымдық жұмысты дамыту және геномдық технологияларды енгізу, Еуропалық Одақ елдерінен жоғары өнімді асыл тұқымды мал импорттау, сондай-ақ озық технологияларды трансферлеу және еуропалық әріптестермен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ саланың тиімді инфрақұрылымын қалыптастыруға, соның ішінде ғылыми базаны дамытуға, кадр даярлауға және табынды басқару мен селекцияда цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

Тараптар халықаралық жобаларды іске асырудың практикалық аспектілерін, оның ішінде ветеринариялық талаптар, тасымалдау логистикасы және асыл тұқымды мал импорттау кезіндегі мәмілелерді құқықтық сүйемелдеу мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстан арасында сүт мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілік расталды. Салалық және ғылыми-технологиялық бастамалар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.