Ұлттық тағамдар Мажар гастрономия күнінде таныстырылды

Ұлттық тағамдар Мажар гастрономия күнінде таныстырылды

Сольнок, 2026 жылғы 26 сәуір - Мажар аспаздар қауымдастығы «Étrend»-тің шақыруымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Сольнок қаласында өткен Мажар гастрономиясының V күні («Magyar Gasztronómia Napja») аясында ұйымдастырылған «Мажарстан тағамы 2026» («Magyarország Étele 2026») аспаздық байқауына құрметті қонақ ретінде қатысты.

Аталған іс-шара Мажарстаның гастрономия саласының жетекші өкілдерін - аспаздарды, кондитерлерді, бармендерді, өндірушілерді, оқытушыларды және салалық оқу орындарының студенттерін біріктірді.

Бағдарлама аясында бірқатар беделді кәсіби байқаулар өтті, олардың қатарында «Мажарстан тағамы» («Magyarország Étele»), «Szamos тәрелкелік десерті» («Szamos Tányérdesszert»), «Мажарстан сусыны» («Magyarország Itala»), «Агротуризм тағамы» («Agroturizmus Étele»), сондай-ақ «Мамандықтың жас шебері» («Szakma Ifjú Mestere») жарыстары болды.

Қазақстан Республикасының Елшілігі қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылған жеке ұлттық дастархан ұйымдастырып, қонақтар, қатысушылар және кәсіби қауымдастық өкілдері тарапынан ықыласқа бөленді. Келушілер Қазақстанның гастрономиялық дәстүрлеріне ерекше қызығушылығымен қарап, қазақ мәзірінің байлығын, өзіндік ерекшелігін және терең мәдени мағынасын атап өтті.

Құттықтау сөзінде Елші Абзал Сапарбекұлы қазақ ұлттық тағамы қонақжайлылықтың маңызды бөлігі әрі қазақ халқының мәдени мұрасының ажырамас құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Ол гастрономияның халықтар арасындағы өзара түсіністік, достық пен сенімді нығайтуға ықпал ететін мәдени дипломатияның тиімді құралы екенін ерекше атап өтті.

Елші сондай-ақ қазақ тараптың бұл іс-шараға екінші рет қатысып отырғанын, бұл Қазақстан мен Мажарстан арасындағы өзара ықпалдастығын жоғары деңгейін және мәдени-гуманитарлық байланыстардың үдемін дамуына дәлел екенің атап өтті. Осы орайда ол Мажар аспаздар қауымдастығы «Étrend»-ке шақыруы, жылы қабылдауы және іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын білдірді.

Сөзінің соңында Елші мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, соның ішінде ұлттық дәстүрлерді, гастрономиялық мұраны ілгерілетуге және халықтық дипломатияны дамытуға мүдделі екенін растады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Елшілік атынан қатысушыларға естелік сыйлықтар табыстап, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға халықаралық мәдени диалогты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.