Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде IDSA қауымдастығымен кездесу өтті

Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде IDSA қауымдастығымен кездесу өтті

Будапешт, 2026 жылғы 20 наурыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінде халықаралық қатынастар мен дипломатия саласына қызығушылық танытатын студенттерді біріктіретін Халықаралық дипломатиялық студенттер қауымдастығының (International Diplomatic Student Association – IDSA) өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның тарихы, сыртқы саясаттағы басымдықтары және Қазақстан–Мажарстан ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы таныстырды. Сонымен қатар, Елшіліктің күнделікті қызметі мен дипломатиялық жұмыстың ерекшеліктері жөнінде әңгіме өрбітті.

Қауымдастық мүшелері халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымдары туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ студент жастар Елшіден дипломатия саласындағы өмірлік тәжірибелері мен кәсіби жолы туралы ақыл-кеңес тыңдады.