Елшілікте «Globalia» компаниясының президентімен кездесу өтті

Елшілікте «Globalia» компаниясының президентімен кездесу өтті

Будапешт, 2026 жылғы 20 сәуір – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Елшісі Абзал Сапарбекұлы «Globalia» компаниясының президенті, Қазақстанның Мажарстандағы Құрметті консулы Габор Шаги мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Globalia» компаниясының Қазақстандағы бірқатар инвестициялық жобаларының іске асырылу барысы талқыланды. Осы ретте компания президенті Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары бар екенін атап өтіп, қазіргі уақытта тиісті келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Құрметті консулмен екіжақты гуманитарлық және мәдени іс-шараларды ұйымдастырудың алдағы жоспарлары қарастырылды.