Будапешт, 2026 жылғы 17 сәуір - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілісі Абзал Сапарбекұлы мажар компания өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында қазақстандық экспортты Еуропа нарығына ілгерілету мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, экспорттық өнімдерді жеделдетіп шығару (акселерация), қажетті құжаттаманы рәсімдеу, сондай-ақ еуропалық стандарттар мен талаптарға сәйкестендіру тетіктері қарастырылды.
Тараптар мажар компаниясының Еуропа нарығында осы бағыттар бойынша қалыптасқан тәжірибесін атап өтті. Бұл тәжірибе қазақстандық экспорттаушылар үшін маңызды практикалық қолдау бола алатыны айтылды.
Сонымен қатар, Еуропалық одақтағы қазіргі экологиялық талаптарды ескере отырып, қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі мен жоғары әлеуеті ерекше аталып өтті. Осыған байланысты тараптар қазақстандық экспорттың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған бағыттағы жұмысты жалғастыруға және нақты жобаларды бірлесіп іске асыруға дайын екендерін білдірді.