Мажарстандағы Қазақстан Елшісі мажар туристік компаниясының директорымен кездесті

Мажарстандағы Қазақстан Елшісі  мажар туристік компаниясының директорымен кездесті

Будапешт, 2026 жылғы 14 сәуір - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы жетекші мажар туристік компаниясы «1000 дорог» директоры Олег Ермиловпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мажар тарапы екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде туризм саласындағы өзара іс-қимылдың қарқынды дамуын жоғары бағалады. Сонымен қатар, Мажарстанда Қазақстан Республикасының туристік әлеуетіне деген қызығушылықтың артып келе жатқаны атап өтілді. Осы тұрғыда «SCAT» әуе компаниясының Шымкент-Будапешт бағыты бойынша тікелей әуе қатынасының іске қосылуына ерекше мән берілді, бұл туристік алмасуларды дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар туристік ынтымақтастықты дамытуға және Мажарстаннан Қазақстанға келетін туристер ағынын ұлғайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру перспективаларын талқылады.