
Будапешт, 2026 жылғы 13 наурыз - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Премьер-министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Бас кеңесшісі Марцель Биромен кездесіп, қазақ-мажар стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады.
Сұхбаттастар, әлемдегі қалыптасып келе жатқан жаңа тәртіптің контексіндегі «орта державалардың» маңызды рөлі мен Орталық және Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыстағы ахуалдардың теріс салдарының терроризмге, заңсыз миграцияға, энергетикалық қауіпсіздікке, сондай-ақ жаһандық экономиканың жеткізу тізбектеріне тигізетін әсері туралы пікір алмасты.
Елші А.Сапарбекұлы, М.Бироны осы жексенбіде елімізде өткен Республикалық референдум туралы хабардар етіп, оның аясында ел тағдырына тікелей әсер ететін жаңа конституцияның маңызды тұстарымен таныстырды.
М.Биро өз кезегінде Референдумның сәтті де нәтижелі өтуіне тілектестігін білдіріп, Қазақстанның ұстанатын сыртқы саясаты мен оның басқару билігі жүйесін дамыған үлгі боларлық модель, деген мажар мемлекетінің ұстанымымен бөлісті.