Түркі мемлекеттер ұйымының Будапешттегі Елшілері басқосты

Түркі мемлекеттер ұйымының Будапешттегі Елшілері басқосты

Будапешт, 2026 жылғы 12 қаңтарда - Түркі мемлекеттері ұйымының іс басындағы төрағасы - Әзербайжан Республикасының Будапешттегі Елшісі Тахир Тагизаденің қонақжайлығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Будапешттегі Елшілерінің басқосуы өтті.

Кездесу барысында Әзербайжан тарапы өз елінің Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық ету кезеңіндегі (2025-2026 жылдар) басымдықтары мен жұмыс жоспарын таныстырды.

Сонымен қатар, ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Будапешт қаласында бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, алдағы Наурыз мерекесін бірлесіп атап өту және түрлі ортақ басқосулар жөнінде жоспарлар қарастырылды.