Түркі Академиясының сарапшысы, PhD Дінмұхаммед Әметбектің Мажарстанға сапары

Түркі Академиясының сарапшысы,  PhD Дінмұхаммед Әметбектің Мажарстанға сапары

Будапешт, 2025 жылғы 1 желтоқсан -Түркі академиясының сарапшысы д-р Дінмұхаммед Әметбек 23–27 қараша аралығында Мажарстанның жетекші академиялық және талдау орталықтарының шақыруымен Будапештке келді. Сапар бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің бастамасымен және қолдауымен ұйымдастырылды.

Сапар аясында Д. Әметбек Матьяш Корвинус Коллегиумы (MCC) ұйымдастырған «Charting the Future: Geopolitics and Energy Policies in Europe and the Turkic States» халықаралық конференциясына қатысты. Шараға Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан және Түркияданың сарапшылары қатысып, Еуропа мен Орталық Азиядағы геосаяси үдерістерді, энергетикалық әртараптандыру мәселелерін, өңірлік байланыстылық пен түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жолдарын талқылады. Спикерлер Мажарстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы (ТМҰ) байқаушы мемлекет ретіндегі конструктивті рөлін атап өтіп, түркі әлемінің бірлігінің артып келе жатқан маңызын ерекше көрсетті.

Академиялық бағдарлама барысында Д. Әметбек Матьяш Корвинус Коллегиумында, Корвинус университетінде және Людовика мемлекеттік қызмет университетінде дәрістер оқыды. Оның баяндамалары Орталық Азиядағы геосаяси жағдайға, Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарына және Түркі ынтымақтастығы тетіктерінің эволюциясына арналды. Мажарстанның студенттері, зерттеушілері мен сарапшылары талқыланған мәселелерге айрықша қызығушылық танытты.

26 қараша күні Д. Әметбек Дунай институтының сарапшыларымен өткен дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараға Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы да қатысты. Кездесуде Қазақстан–Мажар қатынастары, ТМҰ аясындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Орталық Азиядағы өңірлік динамика талқыланды. Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығайып келе жатқанын, сондай-ақ Мажарстанның Түркі әлемімен белсенді ынтымақтастықты атап өтті.

PhD Дінмұхаммед Әметбек кездесуге қатысушыларды Түркі академиясының қызметімен таныстырып, оның ғылыми-зерттеу жобалары, білім беру бастамалары және Мажарстанның Академияның байқаушы мемлекеті ретінде атқарып жатқан ынтымақтастығы туралы ақпарат берді.

Бұл сапар академиялық байланыстарды нығайтуға, сараптамалық диалогты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтар мен Орталық Азия мен Түркі әлеміндегі үдерістерді тереңірек түсіндіруге өз үлесін қосты. Мажар ғалымдармен сарапшылары зерттеу, білім және талдамалық саясат салаларындағы бірлескен бастамаларды жалғастыруға дайын екенін білдірді.