Будапештте парламенттік дипломатияға басымдық берілуде

Будапештте парламенттік дипломатияға  басымдық берілуде

 Будапешт, 2025 жылғы 13 қараша - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Мемлекеттік жиналысы Сыртқы істер комитетінің төрағасы, Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясындағы мажар делегациясының басшысы Жолт Неметпен кездесу өткізіп, екі жақты байланыстардың, оның ішінде қазақ-мажар парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

А.Сапарбекұлы мажар депутатына Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси-әлеуметтік өзгерістер мен азаматтық саладағы демократиялық реформалар туралы айтып беріп, еліміздің тәуелсіздік жылдары кезінде қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды, алдағы парламенттік реформалар туралы ақпарат берді.

Сұхбат барысында, ү.ж. 24 қыркүйекте Мажарстан Парламентінің спикері Ласло Ковердің Қазақстан жасаған ресми сапарының нәтижелері, екі ел парламенттерінің салалық комитеттері арасындағы өзара ынтымақтастық, оның ішінде тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.

Өз кезегінде, Ж.Немет екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ ЕКПА шеңберінде Қазақстан арадағы жұмысты одан әрі тереңдете түсуге дайындығын білдірді.