Мажар компаниялары жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытуда

Мажар компаниялары жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытуда

Будапешт, 2025 жылғы 11 қараша - Мажарстандағы Қазақстан Республикасының Елшісі Абзал Сапарбекұлының «Custom Wind Solutions» мажар компаниясының басшылығымен кездесуі өтті. Кездесу барысында жаңартылатын энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Мажар тарапынан жел энергетикасы, сондай-ақ мұнай-газ және тау-кен өндірісі салаларында қолданылатын инновациялық шешімдер ұсынылды. Тараптар Орталық Азияның халықаралық инновациялық кластері «Astana Hub»-пен өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне және венгриялық компанияларды «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында тіркеу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша «Custom Wind Solutions» компаниясының мамандар тобын Қазақстанға жіберу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл сапардың мақсаты – инновациялық мүмкіндіктерді жан-жақты зерделеу және «жасыл» энергетика саласындағы нақты жобаларды пысықтау.

Мажарстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігі жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған және басқа да бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі мажар компаниялармен өзара іс-қимылды кеңейтуге ниетті.