Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы шақыру бойынша Мажарстанның жоғары сот органында болды

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы шақыру бойынша Мажарстанның жоғары сот органында болды

Будапешт, 2025 жылғы 28-31 қазан - Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Мажарстанның Куриясының (Жоғарғы Соты) Төрағасы Андраш Варгидің шақыруы бойынша елдің сот жүйесімен танысу үшін Будапеште ресми сапармен болды. Делегация құрамына Шымкент қалалық сотының төрағасы Әділхан Шайхисламов және Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы кірді.

Екіжақты кездесу барысында жоғарғы сот төрағалары сот органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтіп, соттардың құрылымы мен қызметі, сондай-ақ екі елде жүргізіліп жатқан сот реформалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Сапар барысында қазақстандық делегация Мажарстанның Куриясының сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету тәжірибесімен танысты.

Мажарстанның сот жүйесі құқықтық ұстанымдарды белгілейтін және соттардың заңнаманы біркелкі қолдануына ықпал ететін қаулыларды әзірлеуге үлкен мән береді.

Ұсынылған тәжірибенің Қазақстанның сот жүйесіндегі ұқсас тетіктерді одан әрі жетілдіру үшін практикалық маңызы бар.

Сапар барысында Қазақстан Жоғарғы Соты Төрағасының Мажарстанның сот қауымдастығы алдында сөйлеген сөзіне ерекше назар аударылды.

Асламбек Мерғалиев Қазақстандағы сот реформасының негізгі бағыттарымен таныстырып, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, кассациялық қадағалауды дамыту, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, сот ісін жүргізуді цифрландыру саласындағы жетістіктерді айтты.

Төраға әкімшілік істер бойынша шешімдердің жартысынан көбі азаматтардың пайдасына шығарылып, бұл олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сот арқылы тиімді қорғалатынын көрсететінін атап өтті.

Қазақстан Жоғарғы Соты Төрағасының сөйлеген сөзі көпшіліктің қызығушылығын тудырып, венгриялық әріптестердің оң бағасын алды, екі тараптың кәсіби диалогты дамытуға және тәжірибе алмасуға мүдделі екеніне тоқталды.

Сапар барысында делегацияға Будапешт өңірлік апелляциялық сотының және Мажарстанның сот төрелігі академиясының қызметі таныстырылды.

Қазақстандық делегацияға Мажарстандағы жұмысты ұйымдастыру және судьяларды оқытудың ерекшеліктері таныстырылды.

Қабылдаушы тарап Мажарстанның Бас Прокуроры Балинт Надьпен таныстыру кездесуінде ұйымдастырды.

Кездесу барысында тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау және сот төрелігіне сенімін нығайтуда соттар мен прокуратура органдарының өзара іс-қимылы мен заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері туралы ақпаратпен алмасты.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сот органдары арасында белсенді диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.