Мажарстанның құқық саласының жетекші органдарымен ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау туралы

Мажарстанның құқық саласының жетекші органдарымен ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау туралы

Будапешт, 2025 жылғы 15 қазан – ҚР Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Конституциялық сотының жаңадан бекітілген судяларының қызметке кірісу салтанатты шарасына қатысты.

         Конституциялық соттың орталық ғимаратында өткен мерекелік шарға КС судялары, ішкі істер вице-министрі, республикалық полиция бастығы, миграциялық және бәсекелестікке қарсы агенттіктер төрағалары, елге танымал адвокаттар мен юстиция қызметкерлері қатысы.

         Жиындағы құттықтау сөзінде, Елші А.Сапарбекұлы қазақ-мажар байланыстарының стратегиялық сипатына тоқтала өтіп, екі ел арасындағы байланыстарды, әсіресе құқық қорғау саласындағы өзара іс-қимылды тереңдетудің және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жақындағы халыққа жолдауындағы меседждерді іске асыруда мажар тарапының тәжірибесінің маңыздылығын атап өтті.

         Шара шеңберінде, А.Сапарбекұлы Мажарстанның бұрынғы Адам құқықтары жөніндегі омбудсманы, 2025 ж. 26 қыркүйегінен бастап Конституциялық соттың судясы болып бекітілген Акош Козманы ҚР Президентінің 2025 ж. 28 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен наградтады.

         А.Козма өз кезегінде, ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа және қазақ халқына жоғары деңгейдегі награда үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы құқық қорғау, юстиция немесе заң билігін жүргізу салаларында одан әрі ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін, ҚР омбудсман институтымен және Конституциялық сотымен ықпалдасуға ниеттілігін білдірді.