Мажарстандағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері «SPAR Budapest Marathon Festival» атты 40-шы марафонға қатысты

Мажарстандағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері «SPAR Budapest Marathon Festival» атты 40-шы марафонға қатысты

Будапешт, 2025 жылғы 11 қазан - Мажарстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігі командасы әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған жүгіру әуесқойларын жыл сайын біріктіретін елдің ең ірі спорттық шараларының бірі - «SPAR Budapest Marathon Festival» атты 40 жылдық мерейтойлық марафонға қатысты.

Елшілік командасы төрт қызметкерден құралды және Дунай өзенінің көркем жағалауында өткен 8 шақырымдық командалық жарысқа шықты. Фестивальге Мажарстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ мажар компаниялары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан 160-тан астам команда қатысты.

Елшілік ұжымының бұл бастамасы халықтар арасындағы достықты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және Мажарстандағы дипломатиялық корпус өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді қатысуына деген ұмтылысты көрсетті.

«SPAR Budapest Marathon Festival» 1984 ж. бері жыл сайын өткізіліп келеді және Орталық Еуропадағы ең беделді жүгіру жарыстарының бірі болып саналады. Биылғы жылы фестивальге 80 елден келген 20 000-нан астам кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты.

Қазақстан Республикасының Елшілігі фестивальді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және бірлік, шабыт пен спорт рухын қалыптастырғаны үшін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіреді.

Анықтама: Марафон бағдарламасына балалар жүгіруінен бастап Будапешттің тарихи орталығын, Дунай арқылы өтетін көпірлер мен астана көрікті жерлерін қамтитын классикалық 42 шақырымдық бағытқа дейінгі түрлі қашықтықтар енді.