Будапешт, 2025 жылғы 9 қыркүйек – Мажарстан Ұлттық экономика министрлігінде Қазақстанның Елшісі Абзал Сапарбекұлы халықаралық қаржы қатынастары және сыртқы экономикалық инвестициялық саясат жөніндегі мемлекеттік хатшы орынбасары мырза Мартон Бокаймен кездесті.
Тараптар қазақ-мажар экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Атап айтқанда, бірлескен инвестициялық қор құру және «Астана» халықаралық қаржы орталығының платформасын пайдалану арқылы қаржы саласындағы әріптестікті дамытуға өзара мүдделілік расталды.
Кездесу барысында Қазақстанда өткізілуі жоспарланған Қазақстан–Мажарстан Үкіметаралық комиссиясының келесі отырысына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар іс-шараның ықтимал мерзімдері мен форматы бойынша ұсыныстармен алмасты.
Қазақстан Елшісі Қазақстанда бизнес жүргізуге қызығушылық танытқан мажар компанияларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде, мажар тарапы елдің инвестициялық климаты мен АХҚО инфрақұрылымын жоғары бағалап, Kazakh Invest арқылы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілігін білдірді.