Білім-ғылым саласы ынтымақтастықтың перспективалы бағыты

Білім-ғылым саласы ынтымақтастықтың перспективалы бағыты

Будапешт, 2025 жылғы 5 қыркүйек – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаевтың Мажарстанға сапары өтуде.

 Ж.Түймебаев Сегед университеті ұйымдастырған «Алтай қауымдарының халықаралық симпозиумына» қатысып, Сегед, Обуда және ЕЛТЕ университеттерінің басшылығымен екі жақты ынтымақтастық орнату туралы келіссөздер өткізді.

Сонымен қатар, Ректор және ҚР Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Вице-спикері Шандор Лежактың қабылдауында болып, екі жақты мәдени-гуманитарлық және білім-ғылым салаларындағы перспективалық жобалар туралы пікір алмасты.

 Келіссөздер соңында, Ж.Түймебаев Ш.Лежактың түркі дүниесіне сіңіріп келе жатқан еңбегін, бауырлас халықтардың арасындағы қатынастарды дәріптеудегі белсенді рөлін атап өтіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдығына орай мерейтолық төсбелгісімен марапаттады.