Будапештте Түркі мемлекеттер ұйымының І-академиялық конференциясы өтуде

Будапештте Түркі мемлекеттер ұйымының  І-академиялық конференциясы өтуде

Будапешт, 2025 жылғы 25 маусым – Мажарстанда Түркі мемлекеттері ұйымының Будапешттегі кеңсесінің ұйымдастыруымен I-академиялық конфереция өтуде. Ғылыми-академиялық шара Мажарстан мен ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ғылым мен білім беру саласындағы ынтымастықты нығайтуға, мемлекеттер арасынадғы осы бағыттағы кооперацияның жаңа көкжиектерін дамытуға бағыттылған.

Конференцияның ашылу салтанатына Мажарстан мәдениет және инновациялар министрі Ханко Балаж, Сыртқы және салалық министрліктердің өкілдері, ТМҰ Будапешттегі кеңсенің директоры, Будапештте аккредиттелген түркі мемлекеттерінің елшілері, ТМҰ мүше елдерінің университет ректорлары, академиялық топ өкілдері қатысуда. Еліміздің университеттерін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің ректоры Рахметуллина Сәуле мен Басқарма мүшесі-стратегиялық даму жөніндегі Проректор Несіпқалиев Ұлан және ҚазҰСШИУ ректоры Кәмшат Тұсұпова өкілдік етуде.

          Шарада сөз алған Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы екі ел арасындағы жоғары білім беру саласындағы көпжылдық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып өтіп, бұл кооперацияның іргетасы 2013 жылы қол қойылған Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім болатынын айтты.

          Қазақ дипломаты бұдан басқа, 2023 жылы мажар Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары барысында Жоғары білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы аясында қазақ жастарына 250 грант бөлініп келеді, деді. А.Сапарбекұлы Қазақстанның аймақтық академиялық орталық ретіндегі стратегиялық қадамдары, атап айтқанда 23 шетелдік университеттердің өкілдері жұмыс істеп жатқанын баяндап, 2029 жылға дейін олардың саны 39-ға дейін өспек, деп баяндамасын жалғастырды. Айта кетері, Қазақстан шетелдік студенттердің тартымды білім алу еліне айналып 2024 жылы 31 мың 500 студент қабылдап, 2029 жылы 150 мыңға шетелдік студентті тарту жоспарлануда.

          Бас дипломат өзінің баяндамасында, қазіргі таңдағы білімнің стратегиялық құндылығына ерекше мән берілетініне, ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасында ғылым мен білім беру саласындағы кооперацияны одан әру нығайтып, жүйелі интеграцияны орнатуға және университтер желісін құруға шақырды. Ол тыңдаушылардың назарын қос дипломдық бағдарламалар, бірлескен ғылыми консорциумдар құру, цифрландыру, профессорлар мен студенттер алмасу мүмкіндіктеріне аударды.

          Бұдан басқа, Конференцияда Түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми серіктесудің әлеуеті және ТМҰ-ның оны қолдаудағы рөлі, ТМҰ Ғылыми-зерттеу қорын құру мәселесі, жас ғалымдардың біліктілігін арттыру, арнайы стипендиялар белгілеу, студенттер мен зерттеушілердің академиялық алмасуын қарастыру мүмкіндіктері талқыланды.