Будапешт, 2025 жылғы 16 маусым – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркі мемлекеттерінің Сауда-өнеркәсіп палаталары одағының (TCCI) Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысына қатысты.
Кездесуге Мажарстан Сыртқы істер және сауда министрінің орынбасары Каталин Бихари, Мажарстаның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Элег Надь, Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Амреев, Түркі мемлекеттері ұйымының Мажарстандағы өкілдігінің директоры Балаж Хендрик, сондай-ақ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының кеңесшісі Қанат Алин, Әзірбайжан Кәсіпкерлер ұйымдарының ұлттық конфедерациясының президенті Мамед Мусаев, Қырғызстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Темір Сариев, Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Даврон Вахабов, Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Мерген Гурдоу.
Кездесуге қатысушылар Түркі палаталары одағы аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Отырыстың негізгі шешімі Мажарстаның Сауда-өнеркәсіп палатасын толыққанды мүшелікке қабылдау болды.