Наурыз мейрамы Бухарестте тойланды

Наурыз мейрамы Бухарестте тойланды

Румыния астанасында Үндістан, Иран, Ирак, Түрікменстан және Түркия елдердің елшіліктерімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мәдени іс-шара көктем мен жаңарудың мерекесінде әртүрлі мәдениеттердің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын біріктіре отырып, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністіктің жарқын символына айналды.

Аталған кешке министрліктердің өкілдері, Парламент депутаттары және Бухарестте аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік және қоғамдық топтардың, БАҚ өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ Румынияда оқитын қазақ диаспорасы мен студенттері қатысты.

Қонақтарды мерекемен құттықтай отырып, Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік  Әли наурыздың маңыздылығын атап, өткен жылдан бастап ол "Наурызнама" жаңа форматында өтілетінін айтты. Ол өз сөзінде Түркі халықтары ежелгі заманнан бері бейбітшілік пен келісімді дәріптейтін осы мереке соңғы жылдары халықаралық мәртебеге ие болғандығын мәлімдеді. Наурыз мерекесі бабалар дәстүрін жалғастыруға, ұлттар арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайтуға, және де мемлекеттердің мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдарын тереңдетуге мүмкіндік беретіндігін сөзіне тиек етті.

Іс-шара көрермендерді Наурыз мерекесінің қызықты тарихы мен бай дәстүрлеріне баулып, осы ежелгі мерекенің мәдениеті мен әр түрлі халықтар үшін маңыздылығын ашқан деректі фильмдерді көрсетумен жалғасты.

Елшіліктер мерекелік дастархандарын жайып, қонақтартарға дәстүрлі ұлттық тағамдардың дәмін татып көруге ерекше мүмкіндік берді.

Ұлттық стендте ұлттық киімнің жарқын үлгілері, сондай-ақ Қазақстанның бай мұрасын, мәдениеті мен заманауи дамуын ашатын кітаптар мен брошюралар ұсынылды.