ҚМГ басшысы Румынияның Премьер-Министрімен энергетика секторындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

ҚМГ басшысы Румынияның Премьер-Министрімен энергетика секторындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2025 ж. 26 ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Бухарест қаласында Румынияның Премьер-Министрі Марчел Чолакумен кездесті.

Тараптар Румыниядағы ҚМГ-ның еншілес ұйымы — KMG International N.V. (Rompetrol) қызметін ескере отырып, Қазақстан-Румынияның экономикалық ынтымақтастығын нығайтудың маңызын растады. KMGI салық төлейтін жетекші бес компания қатарына кіреді, сондай-ақ ірі жұмыс берушілердің бірі.

Жалпы, халықаралық энергетика нарығындағы қазіргі сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ете отырып, Румынияның мұнай өнімдерінің басты шығарушысы әрі сенімді серіктесі болып қала береді.

— Румыния — Еуропалық одақтағы маңызды серіктесіміз. Бұған мұнайды едәуір жеткізу көлемдері мен ҚМГ-ның елдегі мұнай өңдеу саласындағы үлесі дәлел болып отыр. Зауыт өз жұмысын бастағаннан бері мұнай өңдеу қуаты жылына 5,5 млн тоннаға ұлғайды. Мұнай өңдеу зауыты өңірдегі ең заманауи кәсіпорын, жеңіл мұнай өнімдерін шығару деңгейі 88%-ға жетті, — деді А.Хасенов.

Кездесуде инвестициялық климат, сондай-ақ Румыниядағы ҚазМұнайГаз активтерінің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сол күні ҚМГ басшысы Румынияның Энергетика министрі Себастьян Бурдужамен кездесті. Тараптар мұнай-газ саласындағы алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.