2024 жылғы 29 мамырда KMG International Group (Rompetrol) Новодарь қаласындағы Petromidia мұнай өңдеу зауытында күкірт қосылыстарын жою үшін дизельдік қоспаларды өңдеу және гидрофинирлеу болып табылатын және шын мәнінде, соңғы дизельді өндіру үшін ЕУРО-5 құрамдастарын алатын екі заманауи реакторды іске қосты. Жобаға салынған инвестиция шамамен 16 млн. АҚШ долл. құрайды.
Нысанның ресми ашылу салтанатына Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Е.Әли мен Румыния Премьер-Министрінің Мемлекеттік кеңесшісі Ф.Спатару қатысты.
Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Румынияның сенімді энергетикалық және әлеуметтік-экономикалық серіктесі ретінде әрекет етіп келе жатқанын және соңғы 17 жылда «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы (Rompetrol акционері) арқылы Румыниядағы инвестициялық белсенділікті қолдауға және дамытуға өзінің адалдығын көрсеткенін атап өтті.
Қазақстандық дипломат зауыттағы жаңа реакторлардың іске қосылуы энергетикалық жүйенің тұрақтылығына және ел экономикасы салаларына инвестиция ағынын одан әрі арттыруға қосымша негіз болатынын айтты.
Румыния Премьер-Министрінің Мемлекеттік кеңесшісі Ф.Спатару зауытта жаңа жобаны енгізу тек Румыния үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл аймақ үшін декарбонизация және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінде экологиялық таза энергетикалық ресурстарды пайдалану тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Ф.Спатарудың айтуынша, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін KMG International Group халықаралық тобына жаңа технологиялар мен жобаларды енгізуді жалғастыру қажет, оның ішінде мұнай-химия саласында да өндіріс процестерін өзгерту, энергия тиімділігін арттыру және Орта дәлізді пайдалана энергия ресурстарын қосымша тасымалдаудың бағыттарын қайта қарау.
KMG International Group өңдеу қуаты Румынияның жалпы мұнай өңдеу қуатының 46,3%-ын (жылына 5,9 млн. тонна) құрайды. Қазақстан мұнайы Румыниядағы барлық мұнай өңдеу зауыттарының тұтынуының шамамен 37% құрайды.
Компания Румыниядағы үшінші ірі салық төлеуші және бүкіл ел бойынша 15 500-ден астам жұмыс орнын тікелей қамтамасыз ететін Румынияның ең ірі жұмыс берушілердің бірі.