Румыния СІМ Мемлекеттік хатшысымен кездесуі туралы

Румыния СІМ Мемлекеттік хатшысымен кездесуі туралы

24 cәуір 2024 жылы, Бухарест – сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге баса назар аудара отырып, екіжақты және көпжақты бағыттағы саяси байланыстарды белсендіру мәселелері Қазақстан елшісі Ерлік Али мен Румыния СІМ мемлекеттік хатшысы А.Тинка арасындағы келіссөздердің негізгі тақырыбы болды.

Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан-Румыния серіктестігінің күйі мен келешегін жан-жақты талқылап, тараптардың екіжақты форматта да, ЕО және ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі стратегиясымен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында да саяси байланыстарды одан әрі дамытуға дайындығының жоғары деңгейін растады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта тараптар екі ел Президенттерінің келіссөздері (қыркүйек 2023 ж.), сыртқы істер министрліктерінің басшылары деңгейіндегі Бухарестке сапарлары (желтоқсан 2023 ж.), көлік (қаңтар 2024 ж.), энергетика және сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі ҮАК 17-отырысы (ақпан 2024 ж.), мәжіліс пен депутаттар палатасының сыртқы істер комитеттері төрағаларының бейнеконференцбайланыс форматындағы келіссөздері (наурыз 2024 ж.) және энергетика саласындағы Жұмыс тобының отырысы (сәуір 2024ж.) сияқты маңызды оқиғалардың қорытындысы бойынша негізгі келісімдерді жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Қорытындылай, cұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасты.