
2023 жылғы 10 қазан, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли Румынияның Минералды ресурстар жөніндегі ұлттық агенттігінің президенті Александру Петрескумен кездесті.
Кездесу барысында тараптар пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады, екі елдің тау-кен өнеркәсібін дамытуға қатысты мәселелерді заңнамалық реттеу саласында тәжірибемен алмасты.
Елші Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етіп, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелеріне, атап айтқанда тау-кен секторын басқару туралы заңнаманы, жобаларды бекіту тәртібін және инвесторлар үшін икемді нормативтік және фискалдық шарттарына ерекше назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аса маңызды шикізат секторындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін растады және
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Сирек жер металдарын, жасыл сутегін өндіру және аккумуляторларды жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2023–2024 жылдарға арналған «Жол картасы» бойынша жұмысты жандандыруға келісті.