ҮАК тең төрағасы, Румынияның энергетика министрімен кездесуде Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды

ҮАК тең төрағасы, Румынияның энергетика министрімен кездесуде Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды

19.09.2022, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Румыния Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тең төрағасы, Румынияның Энергетика министрі Вирджил Попескумен кездесті.

Атап айтқанда, келіссөздер барысында 6-7 қазанда Астанада өтетін ҮАК 16-шы отырысының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Шара аясында тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина, көлік-логистика, білім және ғылым салаларында сапалы серпін беріп, жаңа перспективалық бағыттарды ашуға ниет білдірді.

Сонымен қатар, әңгімелесушілер елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі бойынша өзара іс-қимылды тереңдету, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының қатысуымен Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін ашу үшін жүк тасымалы бойынша жұмыс тобын құру туралы келісімге келді.

Бұл ретте екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен Қазақстан-Румыния бизнес-форумын дайындау барысын талқылау келіссөздердің жеке тақырыбы ретінде орын алды.