Парламентаралық дипломатия қазақ-румын қарым-қатынастарын арттырудың маңызды алаңы болып табылады

Парламентаралық дипломатия қазақ-румын қарым-қатынастарын арттырудың маңызды алаңы болып табылады

14.09.2021, Бухарест – Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемовтің Румыния Парламенті Сенаты Төрағасының міндетін атқарушы Алина Горгиумен кездесуінде парламентаралық байланыстардың екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Келіссөздер барысында қазақстандық дипломат румын тарапын Президент Қ.Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауының негізгі тезистері, еліміздегі ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай, сондай-ақ сыртқы саясатқа қатысты Рим Папасы Францисктің қатысуымен өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі және АӨСШК-нің алдағы отырысы сияқты іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Сонымен қатар, елдеріміз арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға жаңа серпін беру үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты басшылығының Румынияға сапарын пысықтау мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде, румын спикері өзінің парламенттік делегацияны басқарып (2021 жылғы желтоқсан) Қазақстанға өткізген сапарын жылы лебізбен еске алып, екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудегі парламентаралық дипломатияның маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге, румындық парламентарий мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін бөлек атап өтті. Атап айтқанда, елордамызда ұлы румын ақыны Михай Эминеску бюстінің орнатылғаны үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің концертінің сәтті өтуімен құттықтады (ү.ж. 12 қыркүйек Клуж-Напока қаласы).