Румыния Парламенті Қазақстанмен қарым-қатынасты жандандыруға бел байлады

Румыния Парламенті Қазақстанмен қарым-қатынасты жандандыруға бел байлады

22.07.2021 - Бухарест. Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Парламенті Сенатының Төрағасы Анка Драгумен кездесті.
Тараптар екіжақты парламентаралық байланыстардың жай-күйі мен келешегін талқылап, парламентаралық байланыстардың даму деңгейінің жоғары екендігін атап өтті.
А.Драгу Елшіліктің бастамаларын толық қолдайтынын және оларды жүзеге асыруға, сондай-ақ екіжақты форматтағы, әсіресе сауда-экономикалық саладағы басқа да жобаларға қатысуға қызығушылық білдірді.
Румыния Парламентінің Төрағасы Қазақстанға Румынияның ұлы ақыны Михай Эминескудің үстіміздегі жылдың қыркүйекте Нұр-Сұлтанда ашылуы жоспарланған бюстін орнатқаны үшін ризашылығын білдірді. А.Драгу бұл маңызды мәдени оқиға, сондай-ақ 2021 жылы қыркүйекте Бухарестте «Қазақстан» скверінің ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылуы халықтар достығының символы екенін атап өтті.
Тараптар сондай-ақ Румынияда қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының және ұлы румын композиторы Джордже Энескудің бюстін ашуға арналған іс-шараларды талқылады.