Қазақстан мен Румынияның достығы мен ынтымақтастығына 29 жыл

Қазақстан мен Румынияның достығы мен ынтымақтастығына 29 жыл

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Румыния дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 29 жыл толуын атап өтуде.
Осы уақыт ішінде екі мемлекет белсенді саяси диалогты, өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жолға қойды, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салада өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізді.
Бұған экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия шеңберіндегі тараптардың жұмысы (осы уақытқа дейін 15 отырыс өткізілді), бірлескен мәдени жобаларды іске асыру (ескерткіштер орнату, мәдени орталықтар ашу, мәдениет күндерін өткізу және т.б.), «ҚазМұнайГаз Интернешнл» компаниясының табысты қызметі дәлел болып табылады.
Қазақстан Республикасы Румынияны Еуропадағы маңызды серіктестердің бірі ретінде қарастырады. Екі ел арасындағы жыл сайынғы сауда айналымы 1-1,5 миллиард АҚШ долларына жетті.
Ынтымақтастықтың кең спектрі бойынша екі жақты қатынастарды одан әрі дамыту бойынша ілгерілемелі жұмыс жүргізілуде. Туристік әлеуетті ашуға, сондай-ақ қолайлы инвестициялық жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Саяси ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен сенімді диалогтың арқасында Қазақстан мен Румыния ынтымақтастық қарқынын арттыруды жалғастыруда және одан әрі өзара іс-қимыл үшін жаңа көкжиектер ашуда.
Қазақстандық тарап Румынияға және оның халқына бақ-береке және ұзақ жылдар бойы өсіп-өркендеуін тілейді!