Брюссельде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Румынияның «Nuclearelectrica S.A.» ұлттық компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Брюссельде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Румынияның «Nuclearelectrica S.A.» ұлттық компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Брюссель, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге жасаған ресми сапары аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Румынияның S.N. «Nuclearelectrica S.A.» ұлттық компаниясы және «Politehnica Bucharest» Ғылым және технологиялар ұлттық университеті арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қазақстан тарапынан Меморандумға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, Румыния тарапынан «Nuclearelectrica S.A.» компаниясының бас атқарушы директоры Космин Гица және «Politehnica Bucharest» Ғылым және технологиялар ұлттық университетінің проректоры Иоан Штефан Сэкэлэ қол қойды.

Меморандум ядролық сала мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сарапшылармен алмасу және ғылыми зерттеулер жүргізу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Меморандум аясында азаматтық атом энергетикасы саласында тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды үйлестіру алаңы ретінде Қазақстан–Румыния атом өнеркәсібі жөніндегі жыл сайынғы диалогты құру жоспарланып отыр.

 

https://www.kazatomprom.kz