
2026 жылғы 22-24 сəуір, Астана, Қазақстан Республикасы
2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитті (ӨЭС 2026) БҰҰ-мен серіктестік негізінде өткізу бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында ұсынылған болатын.
Президент Тоқаев 2025 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясында саммиттің 2026 жылы сəуір айында Астанада өткізілетінін растады.
Саммит халықаралық серіктестерден кең қолдау алды, оның ішінде БҰҰ, ЭЫДҰ, ИРЕНА, ХЭА жəне басқа да ұйымдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2023 жылғы 19 желтоқсанда қабылдаған Бас Ассамблеясының 78/147 қарарында «Орталық Азия экологиялық сын-тегеуріндеріне қарсы тұру:
өңірлік ынтымақтастық арқылы тұрақты даму мен гүлденуді қамтамасыз ету» деп аталған мəселеге қолдау білдірді.
Бастамаға қолдау да бірқатар маңызды саяси құжаттарда, мемлекет басшылары деңгейінде бекітілді:
● Түркі мемлекеттері ұйымының Карабах декларациясы (2024 жылғы 6 шілде, Əзербайжан);
● Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Алтыншы Консультативтік кездесуі туралы Бірлескен декларация (2024 жылғы 9 тамыз, Қазақстан);
● Түркі мемлекеттері ұйымының Он бірінші саммитінің Бішкек декларациясы (2024 жылғы 6 қараша,
Қырғызстан).
2025 жылы бұл бастама Астана халықаралық форумының өтуі барысында, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының ашылу салтанатында, сондай-ақ Түрікменстанда өткен теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдер жөніндегі БҰҰ-ның Үшінші конференциясы аясында одан əрі халықаралық мойындауға ие болды.