
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Сіздерге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтетінін хабарлаймыз.
ҚР Конституциясына сәйкес (33-бап) әрбір азаматтың бүкілхалықтық референдумға қатысуға және дауыс беруге құқығы бар. Референдумға қатысу азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың маңызды түрі болып табылады. Әркімнің қатысуы маңызды - әрбір дауыс маңызды.
Румынияда тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына референдумға қатысу құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі.
Осыған байланысты, Бухарест қаласы, 1-сектор, Крынгулуй көшесі, 13 мекенжайында орналасқан №463 референдум сайлау учаскесі Қазақстан Республикасының Румыниядағы елшілігінде жұмыс істейді.
Дауыс беру 2026 жылдың 15 наурызында (жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Референдум күні сайлаушылардың жанында Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болуы керек.
№463 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне ену үшін сіз өзіңіз туралы ақпаратты (толық аты-жөніңіз, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру нөміріңіз, төлқұжат нөміріңіз (берілген күні және жарамдылық мерзімі) және байланыс ақпаратыңызды (телефон нөміріңіз, электрондық поштаңыз) «2026 жылғы референдум» тақырыбымен алдын ала kazconsul.bucharest@gmail.com электрондық поштасына жіберуіңіз керек.
Жалпыұлттық референдумның негізгі кезеңдеріне сәйкес, алғашқы сайлаушылар тізімдері сайлау учаскелерінің комиссияларымен Орталық сайлау комиссиясына
2026 жылдың 22 ақпанында ұсынылады. Алдағы жалпыұлттық референдум туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының веб-сайтында (www.election.gov) қолжетімді.