Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі «TÜV Austria Belgium» компаниясының Басқарма төрағасымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі «TÜV Austria Belgium» компаниясының Басқарма төрағасымен кездесу өткізді

Брюссель, 2025 жылғы 25 сәуір – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі М. Баймұхан «TÜV Austria Belgium» компаниясының Басқарма төрағасы К. Вандерлинденмен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – инспекциялық, сертификаттау және зертханалық зерттеулерді, соның ішінде құрылымды зақымдамай тексеру мен коррозияны анықтау, сондай-ақ менеджмент жүйелері мен персоналды сертификаттау саласындағы қызметтерді ұсынатын компанияның қызметімен танысу болды.

Кездесу барысында тараптар стратегиялық ынтымақтастықтың және қазақстандық кәсіпорындар өнімдері мен қызметтерінің сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Ерекше назар Алматы қаласында «TÜV Kazakhstan» ЖШС-нің аймақтық кеңсесінің ашылуы мен болашақ қызметіне аударылды. Қатысушылардың пікірінше, бұл қадам серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ өңірде сертификаттау мен техникалық сараптама деңгейін арттыруға елеулі үлес қосады.

Кеңсенің ашылуы Қазақстанның халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттары жүйесіне ықпалдасуына, ҚР-да өндірілген сертификатталған экспорттық өнімді ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашып, еліміздің тұрақты экономикалық өсіміне және іскерлік ахуалды жақсартуға сөзсіз ықпал етеді.