Бельгияның Шығыс Фландрия аймағындағы кәсіпорындар қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Бельгияның Шығыс Фландрия аймағындағы кәсіпорындар қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Гент, 2024 жылғы 15 сәуір – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Шығыс Фландрияға (Бельгия) барып провинция губернаторы Карина Ван Каутермен, өңірдің шаруашылық құрылымдарымен жеке кездесулерге қатысты, сондай-ақ «Vandewiele» жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорнын аралады.

Шығыс Фландрия губернаторы Карина Ван Каутермен әңгімелесу барысында табиғи апаттармен күрес саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Бельгиялық саясаткер Қазақстандағы су тасқыны жағдайының тезірек тұрақтануына үміт білдірді және табиғи апаттардың алдын алу бойынша тәжірибе алмасуға жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде М.Баймұхан, К.Ван Каутерді Қазақстанға шақырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы айтты.

Шығыс Фландрия провинцияда 1,5 миллион адам тұрады. Шығыс Фландрия ЖІӨ 63 миллиард еуродан асады, ал жан басына шаққандағы ЖІӨ 36 мың еуродан асады.

«VOKA East Flanders» сауда-өнеркәсіп палатасында Қазақстанның инвестициялық, сауда-экономикалық мүмкіндіктерін таныстыру барысында аймақтағы компаниялар құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларда қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. «Voka East Flanders» өкілі Ян Гирс Қазақстан бельгиялық және еуропалық компаниялар үшін маңызды бағыт екенін атап өтті.

Анықтама: VOKA Сауда-өнеркәсіп палатасы аймақ экспортының 80 пайызын өндіретін 18 мыңнан астам кәсіпкерді біріктіреді. Vandiewele компаниясының басшылығымен кездесу барысында, Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытудағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Қазақстанның бір өңірінде бельгиялық технологияларды қолдана отырып, жоғары сапалы кілемдер шығару мүмкіндігіне ерекше назар аударылады.

Vandiewele компаниясының 3800-ден астам қызметкері бүкіл әлем бойынша 25 өндіріс орнында және 39 компания кеңсесінде жұмыс істейді. Компанияның айналымы 800 миллион еуродан асады. VIGAN компаниясының басқарушы директоры Николя Дешамппен кездесу барысында, Орта дәліз арқылы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру жолдары талқыланды.

VIGAN дәнді және майлы дақылдарға арналған теңіз тиеу-түсіру жабдықтарын өндіруде әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Компания Ақтау және Құрық порттарымен ынтымақтасады. Кездесулердің қорытындысы бойынша екіжақты перспективалық жобаларды егжей-тегжейлі қарастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.